+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Мәдениет және спорт министрінің бұрынғы орынбасарына қатысты үкім шықты

2021 жылғы 12 тамыз 12:40
Бөлісіңіз:
Мәдениет және спорт министрінің бұрынғы орынбасарына қатысты үкім шықты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Жемқорлық дауына іліккен Мәдениет және спорт министрінің бұрынғы орынбасары Сәкен Мұсайбеков мемлекетке 62 млн теңгеден астам айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Марат Ахметжанов: Бизнес саласында жемқорлыққа қарсы стандарттар енгізу қажет Атырауда күзет қызметі басқармасы бастығының орынбасары 7 жылға сотталды СҚО-да 26 меморган сатып алу бағасын 300 млн теңгеге негізсіз көтеріп жіберген

Алматыдағы Түрксіб аудандық соты Мәдениет және спорт министрінің бұрынғы орынбасары Сәкен Мұсайбековке қатысты үкім шығарды. Сот қорытындысы бойынша бұрынғы вице-министр алаяқтығы үшін кінәлі деп танылды.

Сәкен Мұсайбеков Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы бойынша ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталған болатын.

«Сот оның Мәдениет және спорт вице-министрі ретінде 2021 жылғы 18-21 ақпан аралығында ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағанын анықтады. Мұсайбеков пен Алматы қаласы прокурорының орынбасары арасындағы кінәні мойындау туралы процессуалдық келісім бойынша прокурор соттан Мұсайбековке пара сомасының он есе мөлшерінде - 62 394 00 теңге айыппұл түрінде жаза тағайындау туралы өтініш жасады», - деп түсіндірді Түрксіб аудандық соты.

Сот экс-шенеунікті кінәлі деп танып, прокурордың талабын қанағаттандырды.

«Жаза тағайындау кезінде сот кінәні мойындау туралы жасалған процессуалдық келісім бойынша Мұсайбековке ұрланған мүліктің он еселенген мөлшерінде айыппұл салу түріндегі жазаны тағайындау мүмкін екені туралы қорытындыға келді. Сот Сәкен Мұсайбеков жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтың қоғамдық қауіптілік дәрежесін, қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайларды, тағайындалған жазаның оны түзеуге және оның өмір сүру және отбасы жағдайларына әсерін назарға алды. Үкім заңды күшіне енді», - делінген соттың ресми мәліметінде.

Еске салсақ, ақпан айының аяғында Мәдениет және спорт вице-министрі болған сәке Мұсайбеков қызметтік лауазымын пайдаланып, букмекерлік саланың мүддесін қорғады деген күдікке ілінген болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT