Мәдениет және спорт министріне Арыстанбек Мұхамедиұлының кандидатурасы мақұлданды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында ҚР Мәдениет және спорт министрі лауазымына Арыстанбек Мұхамедиұлының кандидатурасы мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл талқылау ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес өткізілді.

ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасымен кандидатураны ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің жетекшісі Нұрлан Алдабергенов ұсынды.

Талқылау мен сұрақ-жауаптардан кейін Арыстанбек Мұхамедиұлының кандидатурасын ҚР Мәдениет және спорт министрі лауазымына ұсынуға болатыны туралы Тұжырымдама бекітілді.

А.Мұхамедиұлы 1963 жылы 11 ақпан күні Алматы облысы Талғар ауданында дүниеге келген.

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері. Бірнеше мәрте ҚР Президенті Н.Назарбаевтың алғыс хатымен марапатталған. Мәдениет саласында «World master» жоғары атағына ие.

Еңбек жолын 1984 жылы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының мемлекеттік симфониялық оркестрінің артісі болып бастаған. 1991-1993 жылдары аралығында Мәдениет министрлігінде маман болды. 1993 жылы ҚР Мәдениет министрінің көмекшісі болып тағайындалды. Әр жылдары ҚР Президентінің оркестрінде қызмет атқарды. Сонымен қатар «Қазақ әуендері» АҚ-на басшылық етті.

2006 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі болып жұмыс жасады. Сондай-ақ ол ҚР Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің мәдениет секторының меңгерушісі болған. 2008-2014 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры қызметін атқарған.

Бүгінгі күнге дейін ҚР Мәдениет және спорт министрі болды.

Соңғы жаңалықтар