Мәдениет және спорт министрі Қанат Исламды жеңісімен құттықтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова кәсіпқой боксшы Қанат Исламды жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті Қанат! Сізді барша жанкүйерлердің және жеке өз атымнан Уолтер Каутондоквамен өткізген тартысты жекпе-жекте жеңіске жетуіңізбен құттықтаймын! Бүгінгі кездесуде Сіз өзіңізге тиесілі бірінші орта салмақтағы WBO International чемпионы атағын айқын басымдықпен қорғап қалдыңыз. Деніңізге саулық, алдағы жекпе жектеріңізге жарқын жеңістер тілеймін!» делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Қанат Исламның намибиялық Уолтер Каутондоквадан төрешілер шешімі бойынша басым түскенін хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар