Мәдениет және өнер саласындағы төрт ЖОО оқытушыларының еңбекақысы өсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәдениет және өнер саласындағы бірқатар жоғары оқу орын оқытушыларының еңбекақысы көтерілді. Үкімет бұл туралы тиісті қаулы қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Премьер-Министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.

«2025 жылға дейінгі Халықтың табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру шеңберінде ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, ерекше мәртебесі бар мәдениет және өнер саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары профессор-оқытушылар құрамының лауазымдық еңбекақыларының белгіленген мөлшеріне арттыру коэффициентін ұлғайту (1,75-тен 3,5-ке дейін) көзделген. Қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қалыптасқан қатынастарға қатысты қолданылады, сондықтан осы жылдың өткен айларының еңбекақысы бойынша қайта есептеу жүргізілетін болады», - деп көрсетілген ресми хабарламада.

Қаулы төрт шығармашылық жоғары оқу орнына қатысты: Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Қазақ ұлттық өнер университеті және Қазақ ұлттық хореография академиясы.


Соңғы жаңалықтар