Мәдениет және ақпарат министрлігінің базасында жеке екі ведомство құрылды

None
None
АСТАНА. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Мәдениет және ақпарат министрлігінің орнына Мәдениет министрлігі, сондай-ақ Байланыс және ақпарат министрлігі құрылатын болады.

Бұл туралы бүгін Ақордада Үкімет мүшелерінің және облыс әкімдерінің қатысуымен өтіп жатқан Индустриялық даму мәселері жөніндегі кеңесте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елбасының айтуынша, Мәдениет және ақпарат министрлігінің базасына жеке екі ведомство құрылады. Яғни, Мәдениет министрлігі мен Байланыс және ақпарат министрлігі болады.

Мемлекет басшысы енді Мәдениет министрлігі мәдениет саласындағы мемлекеттік саясат мәселелеріне, дінаралық, ұлтаралық қатынастарға, тілдерді дамытуға негізделетін болады.

Ал Байланыс және ақпарат министрлігі еліміздегі ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар