«Мәдениет» телеарнасы ашылды

None
None
АСТАНА. 26 Қыркүйек. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Еліміздегі телеарналардың қатары тағы біреумен толықты. Бүгін «Мәдениет» телеарнасы ашылды.

Бүгін Астанада «Қазақстан» телеарнасының мемлекеттік тілге толық көшуіне, сондай-ақ «Балапан» телеарнасының 1 жылдығына және «Мәдениет» арнасының тұсаукесеріне арналған салтанатты шарада
ҚР Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев "жаңа «Мәдениет» телеарнасы ел тәуелсіздігін нығайтуға және мемлекеттік тілді дамытуға өз үлесін қоса алады" деген пікірін білдірді.

Жаңа телеарна бүгін, қыркүйектің 26-сынан бастап эфирге шығып, 80 пайыз мемлекеттік тілде және 20 пайыз өзге тілдерде хабар тарататын болады. «Мәдениет» арнасын ашудың негізгі мақсаты - көрермен қауымды отандық және әлемдік мәдениеттің нәрімен сусындату. Ол үшін жаңа телеарнада ең үздік қазақ киносы, Кеңес одағы кезінде шығарылған көркем туындылар, деректі фильмдер, әлемдік киноматографияның бірегей туындылары, атақты тұлғалардың өмірбаянына арналған бағдарламалар , опера және балет бағдарламалары, телеспектакльдер тағы да басқа мәдени жобалар көрсетілмек.

Атап айтқанда, «Ақсарай», «Сол жылдар», «Өркениет», «Қылқалам», «Ғасырлар пернесі», «Алтын көмбе», «Кітапхана», «Әлі есімде» бағдарламалары, сондай-ақ «Абай», «Қазақ даласының құпиялары» сияқты деректі фильмдер көрерменге жол тартпақ.

Соңғы жаңалықтар