Мәдениет саласындағы биылғы басты жоспарлар қандай

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова 2020 жылы мәдениет саласында қолға алынатын негізгі шараларды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл мәдениет саласында Қазақстан мәдениетінің ғылыми-зерттеу институтын құрып, институт жанынан Материалдық емес мәдени мұра орталығын ашу жоспарланып отыр. Сонымен бірге, бірыңғай концерттік кеңістікті қамтамасыз ету, жоғары көркемдік өнім жасау үшін концерттік-гастрольдік қызметті үйлестіру және жоспарлау орталығын ашу көзделген. Сол секілді биыл ғылыми-әдіснамалық білім ресурстық орталығын құрып, министрліктің білім ұйымдары үшін «Мектеп оқушыларының мәдени нормативінің» жобасын әзірлеу жоспарланған», - деді министр Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Сондай-ақ, министр спорт саласындағы жоспарларды да атады. Оның айтуынша, бұқаралық спортты дамыту бойынша кешенді жоспар қабылданады. Сондай-ақ, Дүниежүзілік допингке қарсы кодексін бұзудың алдын алу жөніндегі жұмыс жалғасып, Токиодағы Олимпиада ойындарында ұлттық құрама командалардың табысты өнер көрсетуі бағытында жұмыстар күшейтілмек.


Соңғы жаңалықтар