Мәдениет саласында цифрландыру жұмыстары қалай жүріп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Әбіл Жоламанов мәдениет саласындағы цифрландыру жұмыстары жөнінде баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халықаралық стандарттар негізінде барлық мәдени құндылықтарды цифрлық форматқа аудару үшін кеңейтілген цифрлық әдістеме дайындалды. Бұл әдістеме цифрлық форматқа аударуда қателерге жол бермейді. Әзірге ҚР Ұлттық музейі базасында музей қорының мемлекеттік каталогы бойынша пилоттық жоба және «Сакралды Қазақстан» бойынша виртуалды турлар жобасы іске қосылды. Сонымен бірге, ұлттық электронды кітапхана мен мемлекеттік электронды кітапхана қоры жұмыс істейді», - деді Әбіл Жоламанов «Рухани қазына» ІІ республикалық фестивалінің ашылу салтанатында.

Оның айтуынша, соңғы екі жылда Электронды кітапхана қорындағы құжаттар көшірмесі 2,5 есеге артқан және 2019 жылы 51 мыңнан астам электронды көшірме жүктелген.

Айта кетейік, елордада Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің II «Рухани қазына» фестивалі басталды.
null

Фестиваль аясында пленарлық отырыс, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жанынан құрылған жас жазушылар мен ақындар кеңесінің отырысы, шеберлік сыныптары өтеді және сұхбат алаңы құрылады.

Соңғы жаңалықтар