+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Мәдениет саласы қызметкерлері арасында «Рухани қазына – 2021» фестивалі басталды

2021 жылғы 12 мамыр 23:25
Бөлісіңіз:
Мәдениет саласы қызметкерлері арасында «Рухани қазына – 2021» фестивалі басталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада мәдениет, өнер саласының ұйымдары мен қызметкерлері арасындағы IV республикалық «Рухани қазына – 2021» фестивалі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Депутат мәдени құндылықтарды насихаттау жұмыстарын күшейтуге қатысты ұсыныстар айтты Индонезиялық музыкант «Дайдидау» әнін көне аспапта орындады Елордада «Жыр алыбы – Жамбыл» әдеби ревюі өтті

Мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылған фестивальдің республикалық деңгейдегі қазылар алқасының отырысы 12-14 мамыр аралығында онлйн көрсетілім арқылы жүреді.

Фестивальдің салтанатты марапаттау рәсімі 18-21 мамыр аралығына жоспарланып отыр. Осы аралықта Көкшетау қаласында шетелдік сарапшылардың қатысуымен шеберлік сағаттары өтеді.

Фестивальдің ашылу салтанатына Мəдениет жəне спорт министрлігінің атынан қатысқан мəдениет жəне өнер істері департаментінің директоры Күміс Сейітова жыл өткен сайын жұмысын республика деңгейінде көрсеткісі келетін ұйым мен қызметкерлер саны артып келе жатқанын атап өтті.

«Бүгінде байқауға еліміздің 15 өңірінен кітапхана, музей және мәдени-демалыс қызметі бойынша 300-ден астам өтініш келіп түсті. Ал ең алғаш ұйымдастырған кезде қатысушылар саны 100-ге жетпейтін еді. Жыл өткен сайын ауыл, аудан, қаладағы мəдениет ошақтарының қызметін жандандыруға бағытталған байқау кеңінен танылып келеді. Осы фестивальде үздік шыққан ұйым 1 млн теңге, топ жарған қызметкер 500 мың теңге сыйақы алады. Биыл фестивальдің мамыр айында өткізілуінің өзіндік себебі бар. Үздіктерді марапаттау рәсімі басталатын 18 мамыр – халықаралық музей күніне, 21 – мамыр еліміздің мəдениет және өнер саласы қызметкерлерінің күніне орайластырылды», - деді Күміс Сейітова.

Республикалық «Рухани қазына – 2021» байқауының аясында облыстық, аудандық, қалалық деңгейдегі үздік мемлекеттік музей, үздік кітапхана, үздік мемлекеттік мәдени ойын-сауық ұйымы мен мәдениет ұйымдарының үздік қызметкерлері іріктеліп, марапатталады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT