Мәдениет пен өнердің «Мираc» қоғамдық кеңесі жаңа мүшелермен толықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясы жанындағы мәдениет пен өнерді дамыту мәселелері жөніндегі «Мирас» қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысында аталған кеңестің жаңа мүшелері таныстырылды.

«Кеңестің құрамында болған өзгерістерге тоқталатын болсам, соңғы кездері мәдениет пен өнер саласында бірқатар жаңа тағайындаулар болғаны өздеріңізге белгілі. Осыған байланысты қоғамдық кеңесіміз ұлттық құндылықтарға айрықша көңіл бөліп, өнер мен мәдениет саласында еңбек етіп жүрген елімізге танымал азаматтармен толықты», - деді осы кеңестің төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаев. Жаңадан қосылған мүшелердің арасында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ғалым Ахмедьяров, Халықаралық Түркі академиясының президенті, тарих ғылымдарының докторы Дархан Қыдырәлі, сондай-ақ белігі меценат, «Алтын қыран» халықаралық қайырымдылық қорының президенті Исламбек Салжанов бар. «Осындай беделді тұлғалар кеңестің құрамына мүше болғаны жұмысымызды бұрынғыдан да жандандыра түсуге ықпал етеді деп сенеміз», - деді кеңес басшысы.

Соңғы жаңалықтар