Мәдениет министрлігі Елбасы стипендиясының атауын өзгертуді ұсынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ашық НҚА порталында «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының» атауын өзгерту туралы Президент Жарлығының жобасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құжат жобасын әзірлеген орган – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі.

«Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі №369 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы «Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны тағайындау туралы» деген редакцияда жазылсын» делінген жарлық жобасында.

Яғни, «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы» деген атау «Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия» деп өзгертіліп отыр.

Ал стипендияның мөлшері бұрынғыдай 55 айлық есептік көрсеткіш (174 900 теңге – ред) көлемінде қалады.

Еске сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған салтанатты жиында Қазақстанның Тұңғыш Президентінің саяси рөлі туралы пайымын айтқан болатын.


Фото: www.newsbytesapp.com
Соңғы жаңалықтар