Мәдениет министрі Тұңғышбай Жаманқұловты бүгін босатуға атсалысатынын уәде етті - Саиров

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін саясаттанушы Ерлан Саиров өзінің әлеуметтік парақшасында бір топ жолдастарымен Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлының жеке қабылдауында болғанын айтып, күні кеше қыруар қаражатты ұрлады деген күдікпен ұсталған Тұңғышбай Жаманқұловты босатуға көмек сұрағанын жазған болатын. ҚазАқпарат тілшісіне сұxбат берген Ерлан Саиров аталған ақпаратты растады.

Оның айтуынша, министрдің өзі бұл мәселені жеке бақылауына алып, бүгін түске дейін Т.Жаманқұловты босатуға мейлінше көмек көрсететінін жеткізген.

"Біз жаңа ғана министрге кіріп шықтық. Бұл мәселенің  xалықтың арасында кеңінен көтеріліп жатқанын, қоғамның пікірі өзгеріп бара жатқанын да айттық. Енді, Тұңғышбай - қазақтың үлкен бетке ұстар азаматтарының бірі. Сондықтан оған араша түсу керек. Министрдің өзі айналысып жатыр екен. Сосын ол айтты, бұл мәселемен жеке айналысып  жатырмын деп. Бүгін түске дейін шығып қалуы керек деді", - деп атап өтті Ерлан Саиров.

Саясаттанушының сөзіне қарағанда, Тұңғышбай Жаманқұловты босату мәселесі жалғыз министрдің қолында тұрған шаруа емес. Дегенмен, процессуалдық шаралардан кейін оны босатуы әбден мүмкін.

Соңғы жаңалықтар