+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Мәдениет министрі Қарақат Башанованың шығармашылығын жан-жақты қолдауға әзір екенін айтты

2021 жылғы 14 мамыр 13:58
Бөлісіңіз:
Мәдениет министрі Қарақат Башанованың шығармашылығын жан-жақты қолдауға әзір екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Junior Eurovision 2020 байқауының жүлдегері Қарақат Башановаға елорда әкімі берген уәденің орындалуына ықпал ететінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға елоррда әкімі Алтай Көлгіновтің Junior Eurovision 2020 жүлдегеріне берген уәдесін орындамай жүргені туралы сұрақ қойылды. БАҚ өкілінің айтуынша, әнші қыздың әпкесі Нұр-Сұлтан әкімі Қарақат Башановаға фортепиано алып беруге уәде бергенімен, ол уәдесін әлі орындамағанын мәлімдеген.

Министр Қарақат Башанованың шығармашылығын жан-жақты қолдауға әзір екенін айтты.

«Қарақат Башанова – Күләш Байсейітова атындағы ең белді республикалық музыкалық мектептің оқушысы. Өзі бірінші сыныптан бері осы мектепте оқиды, Алматы облысында тұрады. Junior Eurovision байқауына қатысқан кезде министрліктің қаржылай көмектескенін білесіздер. Конкурсқа аттанардан бірнеше күн бұрын мен Қарақатпен кездескен болатынмын. Сол кезде оның материалдық жағынан ұсыныстары болған жоқ. Ұсыныс болса, қолдауға әзірміз», - дейді Ақтоты Райымқұлова.

Министр әншіге берілген уәделердің орындалуына ықпал етуге әзір екенін де білдірді.

«Әрине, өзіміздің әріптестерімізге хабарласамыз. Жергілікті атқарушы органдарға, соның ішінде Нұр-Сұлтан қаласындағы әріптестерімізге хабарласамыз. Біздің министрлікте жас таланттарды қолдайтын бюджеттік бағдарлама бар. Осы бюджет аясында халықаралық конкурстарға көптеген жас өнерпаздарымыз қатысып жатыр. Ол бағытта да Қарақатқа көмектесуге дайынбыз», - деді ведомство басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT