Мәдениет министрі елордадағы Ержан Максимнің концерті туралы айтып берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы елорда тұрғындарын Ержан Максимнің жеке концертіне шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылғы 28 маусымда сағат 19:00-де «Қазақстан» орталық концерт залында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен жас дарын Ержан Максимнің жеке концерті өтеді», - деді министр елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Атап айтқанда, жас дарын иесімен бірге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Сәкен Майғазиев, Мөлдір Әуелбекова, Ренат Гайсин, сондай-ақ халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Айқын Төлепберген өнер көрсетеді.

«Осы орайда үлкен концерт өтетінін айтқым келеді. Кейбір өнер жұлдыздары да шақырылады, яғни отандық және шетелдік эстрада жұлдыздары келмек», - деді А. Мұхамедиұлы. Оның сөзіне қарағанда, бұл концерт жас дарын үшін маңызды қадам болып отыр. Е. Максим жанды дауыспен өнер көрсетеді және концерт эстрадалық симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен өтеді.

Соңғы жаңалықтар