Мәдениет министрі Димаш пен Данэлияның ұстаздарына алғыс айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы АҚШ-тағы «The World's Best» байқауында сәтті өнер көрсетіп жатқан Димаш Құдайберген мен Данэлия Төлешованы тәрбиелеген ұстаздарына алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Димаштың Лондондағы концертінде 4600 билет сатылды. Ал ол концерт өткен зал бар-жоғы 2 мың адамға арналған. Халықаралық деңгейде ол концертті тамашалағысы келгендер тым көп болды. Біздің Димашты ВВС қатарлы әлемдік телеарналар көрсетті. Қазіргі уақытта Димашпен бірге Данэлия да америкалық «The World's Best» байқауына қатысып жатыр. Ол байқау өтіп жатқан CBS арнасы - әлемнің ең ірі телевизиялық компаниясының бірі. Оның аудиториясы - 1,5 млрд көрермен. Ол байқауға қатысып жатқандардың ішінде біздің өнерпаздарымыздан бөлек, ТМД-дан бірде-бір адам жоқ. Іріктеу өте қатаң. Міне, біздің екі отандасымыз ол байқауда сәтті өнер көрсетіп жатыр. Ол - АҚШ. Ол - әлемнің ең үздік сахнасы. Өнерпаздарымызды осы залда отырған өзіміздің ұстаздар тәрбиеледі. Сіздермен (педагогтарға) - біз мақтанамыз», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Еске сала кетсек, бұған дейін Димаш Құдайберген мен Данэлия Төлешова «The World's Best» байқауында сәтті өнер көрсетіп, әділ қазылардың жоғары бағасына ие болған еді.

Соңғы жаңалықтар