Мәдениет басқармасы астана театрларына балалардың тегін кіруі үшін 63 млн теңге сұрап отыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласы мәдениет басқармасының басшысы Санат Шапашов қала театрларына балалардың тегін баруы үшін 63 млн теңгеден астам қаржы сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Балалар жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес «Балалар мен театрлар» бағдарламасын іске асыру аясында Қуыршақ театры, Жас көрермендердің музыкалық театры, Жастар театры, М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс театры және Nomad City Hall нысандарына балалардың тегін баруы үшін 63 млн 681 мың теңге қажет», - деді Санат Шапашов мәслихат отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, жалпы қалада мәдениет саласын дамытуға 7 млрд 879 млн 169 мың теңге керек. Оның ішінде жыл аяғына дейін мемлекеттік шығармашылық тапсырыс аясында 40 мың ваучерді жан басына шағып қаржыландыруға 5 млрд 578 млн теңге жұмсалады.

«Сондай-ақ, Мәдениет және спорт министрлігіне де осы сомада қосымша өтінім жіберілді. Қаладағы ваучерлердің жалпы саны – 40 586», - деді Санат Шапашов.

Мәслихат отырысында Нұр-Сұлтанның жаңа көшелеріне өлкедегі көне тарихи атаулар берілетіні айтылды.


Соңғы жаңалықтар