«Мәдени мұра» бағдарламасына аясында ескерткіштерді қалпына келтіруге үш жылдық бюджеттен 4 млрд. теңге қарастырылып отыр

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 19‑ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  ‑ 2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджеттен «Мәдени мұра» бағдарламасы аяясында ескерткіштерді қалпына келтіруге 4 млрд. теңге бөлу көзделіп отыр.  Үкіметтің Парламент қарауына ұсынған  «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасында осылай көрсетілген,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Заң жобасымен мәдениет және ақпараттық кеңістік саласында бірқатар іс‑шараларға шығыс қаражаттары жоспарланып отыр. Атап айтқанда, тілдердің қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қаржыландыруға жалпы сомасы  14,5 млрд. теңге қарастырылған. Яғни, бұл мақсаттарға алдағы үш жылда жыл сайын шамамен алғанда 5 млрд. теңге бөлу жоспарланады. Бұдан басқа, Қазақстанның тарихымен тікелей байланысты тарихи және мәдени ескерткіштерді, оның ішінде алыс және таяу шет елдердегі мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру шараларына да қаражат қарастырылады. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында атқарылатын осы шараларға 2010-2012 жылдарға 4 млрд. теңге бөлу көзделеді.

 

Соңғы жаңалықтар