Мәдени-көпшілік шараларды жеке күзет қызметі қадағалайтын болады - ІІМ өкілі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрлігінде елдегі жеке күзет ұйымдары мен құқық қорғау орындарының бірлескен жұмысын жетілдіру мәселесі талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаевтың айтуынша, жеке күзет қызметінің 23 мың қызметкері ерікті негізде қоғамдық тәртіпті бірлесіп қадағалап отыр.

«Елдегі 252 жеке қызмет ұйымы қоғамдық тәртіпті бірлесіп күзетуге 683 мобильді топ жасақтаған.Оның құрамында 2000-нан астам күзетші тартылған. Соның арқасында өткен бір жылдың ішінде 500- ден астам қылмыстың, 10 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың беті ашылды», - деді Марат Қожаев.

ІІМ өкілінің айтуынша, 2019 жылдың 4 айында күзет қызметінің көмегімен 254 қылмыстың, 441 ұрлық әрекетінің жолы кесілген.

«Қазақстан аумағында тіркелген 5000-нан астам күзет ұйымында 98 мың қызметкер жұмыс істейді. ІІМ елдегі 700-ден астам күзетілетін нысанды бәсекелі ортаға беруді жоспарлап отыр. Мәдениет министрлігімен бірге елдегі мәдени-көпшілік шараларда қоғамдық тәртіпті күзетуге жеке күзет ұйымдарын тарту бойынша құқықтық-нормативтік актілерге түзетулер енгізіп жатырмыз.Сондай-ақ, білім және ғылым министрлігімен бірге елдегі мектептерді білікті күзет ұйымдарына беру шараларын пысықтап жатырмыз. Сондықтан, жеке қызмет ұйымдарымен бірлескен жұмыстарды әлі де жетілдіре түсу қажет» - деді министрлік өкілі.

Соңғы жаңалықтар