Mańǵystaý телеарнасына басшы тағайындалды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат -  Меруерт Құмарова «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Qazaqstan телеарнасы Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап. 

Меруерт Құмарова 2004 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. 2006 жылы ҚазҰУ-дің журналистика магистрі атанды. 2014 жылы  Brunel University London (Ұлыбритания) ғылыми тағылымдамадан өткен.

Меруерт Құмарова қызмет жолын  2004 жылы «31-телеарнада» «Информбюро» ақпараттық бағдарламасының журналисі ретінде бастаған. 2005-2007 жылдары «Қазақ радиосының» редактор-жүргізушісі болып жұмыс істеді

2009-2010 жылдары «7-телеарнаның» ақпараттық қызметінің продюсері,  «Астана» телеарнасының редакторы,  2010-2014 жылдары «Хабар» АҚ телевизиялық жобалардың және деректі фильмдердің продюсері болып жұмыс істеді.

2015 жылы ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің бас сарапшысы,  2016 жылы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаменті медиа талдау басқармасының басшысы болып қызмет атқарды.

2017 жылдан бастап «Қазақстан» РТРК» АҚ «Қазақстан» телеарнасы директорының орынбасары, «Қазақстан» РТРК» АҚ Өндірістік орталығының директоры болып қызмет етті.

Соңғы жаңалықтар