Мьянмада шахта опырылып, 54 адам үйінді астында қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мьянмада нефрит шахтасы опырылып, үш адам мерт болды, 51 кеншіні үйінді басып қалған. Бұл туралы Рейтер агенттігі жергілікті шенеунікке және құтқарушыларға сілтеме жасап хабарлайды.

Деректерге қарағанда, оқыс оқиға ел солтүстігіндегі Качин штатында сейсенбіге қараған түні болған. Кен қазатын екі компанияның 54 жұмысшысы мен 40 техника үйінді астында қалды. Сейсенбінің таңында құтқарушылар үйінді астынан үш адамның денесін алып шықты.

Мьянма Ақпарат министрлігі апаттан кейін 54 шахтердің хабар-ошарсыз кеткенін растады.

Соңғы жаңалықтар