Мьянмада нефрит шахтасы опырылып, 14 адам қаза тапты

None
None
ЯНГОН. ҚазАқпарат – Бүгін таңертең Мьянмада нефрит шахтасы опырылып, ішінде 14 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.


Апат салдарынан 4 адам хабар-ошарсыз кетті деп жарияланды.

Шахтаның күзет посты түгел жермен-жексен болған.

Шахта орналасқан ауданның полициясының бастығы Тан Вин Аунгтың айтуынша, қаза тапқан 14 адамның денесі үйінділер астынан шығарылған. Әлгі хабар-ошарсыз кетті деп жарияланған төрт адам, соның ішінде шахтаны күзеткен екі полицей де қаза тапқан болуы мүмкін деген жорамал бар.

Хабарларға қарағанда, Мьянманың Качин штатындағы Хпаканта нефрит орталығында соңғы жылдары адам шығына әкеп соқтыратын апаттар жиілей түскен.

Соңғы жаңалықтар