Мьянмада әскери ұшақ апатқа ұшырап, 12 адам қаза тапты

None
None
МАНДАЛАЙ. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні Мьянманың Мандалай қаласы аумағында әскери ұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан кем дегенде 12 адам қаза тапты. Бүл туралы ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әуе кемесінің типі туралы ақпарат әзірге жоқ.

«Синьхуа» агенттігінің әскерилерге сілтеме жасап хабарлауынша, ұшақтың ішінде 14 адам болған, ал апат ауа райының қолайсыз жағдайынан болған. Қазіргі кезде оқиға орнында құтқару операциясы жүріп жатыр, екі адам ауруханаға жеткізілген.

Ал Мьянманың Mizzima тәуелсіз порталы болса, Facebook-тегі парақшасында Нейпьидо әуежайынан ұшқан шағын ұшақтың ішінде 12 адам болғанын, соның ішінде сегіз адамның қаза тапқанын жазды. Портал мәліметінше, мерт болғандар арасында жоғары өкілетті әскери қызметкерлер де болуы мүмкін, алайда Mizzima бұл ақпараттың әзірге расталмағанын атап өтуде.

Өз кезегінде Қытайдың CGTN телеарнасы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап ұшақ бортында 16 адамның болғанын хабарлады.




Соңғы жаңалықтар