Мəскеу-Көкшетау-Мəскеу әуе бағыты іске қосылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Мəскеу-Көкшетау-Мəскеу əуе бағыты іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысының туристік ақпараттық орталығына сілтеме жасап.

Айта кету керек, қазіргі кезде Көкшетау əуежайы арқылы Ақтау-Көкшетау-Ақтау, Алматы-Көкшетау-Алматы бағыттарында аптасына екі рет ішкі әуе рейстері қатынайды.

«Бүгін 26 мамырдан бастап Көкшетау халықаралық əуежайы арқылы Мəскеуден 36 шақырым жерде орналасқан «Жуковский» əуежайына тікелей əуе рейсі ашылып отыр. Билет құны 47 мың теңге. Жолаушылар тасымалын əр жексенбі сайын «ИрАэро» əуе компаниясының 103 жолаушыға арналған SukhoiSuperjet 100 (Сухой Суперджет) жайлы ұшақтары жүзеге асыратын болады.

Алдағы уақытта әуе қатынасының жиілігін аптасына екі рет дейін ұлғайту жоспарда бар", деп атап өтті Ақмола облысы туристік ақпараттық орталығының баспасөз қызметінен.

null

Соңғы жаңалықтар