М.Пішембаев: Биыл «Астана-Бурабай» жолынан 1 млрд. 200 млн. теңге кіріс түсетіндігі жоспарлануда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл «Астана-Бурабай» жолынан 1 млрд. 200 млн. теңге кіріс түсетіндігі жоспарлануда. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі Мереке Пішембаев мәлім етті.

«Астана-Бурабай» біздің ең алғашқы жобамыз әрі онда іркілістердің орын алатындығын білеміз. Техникаларды ретке келтіру әлі де жүргізілуде. Дегенмен, өткен жылдың небәрі 6 айының ішінде 800 млн. теңгеден астам қаржы жиналғанын айта аламын. Бұл қаржы жолды пайдалануға жұмсалады. Яғни, ағымдағы жылы біз бұл жолдан 1 млрд. 200 млн. теңге жинауды жоспарлап отырмыз», - деді ол.

Вице-министрдің атап өтуінше, Макинск, Щучье, Ақкөл аудандарының тұрғындары құны 1000 теңгені құрайтын абоненттік төлем жасап, сапалы жолмен әрі-бері 1 жыл бойы еркін қатынай алады.

«Негізінен біз ақшаны транзиттен аламыз. Бүгінде жүк көліктері 4,5-5 мың теңге төлейді. Ал жиналған ақша жолды күтіп ұстауға жұмсалады. Бұл жолға бюджеттен ақша алмаймыз», - деді М.Пішембаев.

Соңғы жаңалықтар