М. Мәйкеев биылғы әскери шерудің басты ерекшелігін атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы әскери шерудің басты ерекшелігі біз онда отандық әскери-өндірістік зауыттарда құрастырылып, жаңғыртылған техникалар көрсетіледі. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Мәйкеев осылай мәлім етті.

«Бұл бұған дейін болмаған. 2011 жылы біз елімізге, қоғамға шет елдерден, атап айтқанда Ресей мен Түркиядан, Израильден алынған әскери жүйелерді паш еткен болатынбыз. Ал биыл да бұндай жүйелер болады, дегенмен басты ерекшелік отандық өндірісте. Қазақстанның заманауи қорғаныс өнеркәсібі 350-ден астам танк, 40-тан астам БМП, 110-нан астам БТР-ды бізге ұсынып отыр. Олардың құрастырылымы толықтай қазақстандық зауытта жүзеге асты», - деді Мұрат Мәйкеев.

Оның айтуынша, қазақстандық әскери техниканың сапасы шетелден сатып алынатын техниканың озық үлгілерінен еш кем түспейді. Бұдан бөлек, әскери шеру барысында батыстық стандарттар бойынша жарақталған арнайы операция күштері де әскери салтанатты саппен жүріп өтетін болады.

«Біз қазір көптеген радиостансаларымызды сандық жүйеге көшірдік. «Eurocopter» тікұшақтарын да шығарып жатырмыз. Артиллериялық жүйелерді күрделі жөндеуден өткіздік», -деді М. Мәйкеев.

Соңғы жаңалықтар