Мəдениет жəне спорт министрлігі балалар арасында жаңа жоба бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі 10 сəуірден бастап 6-18 жас аралығында #onerli.oren хэштегімен өткізілетін «Өнерлі өрен» республикалық байқауы басталғанын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған байқау - вокал (дәстүрлі, эстрадалық, академиялық), музыкалық аспапта ойнау (ішекті, пернелі, ұрмалы, үрмелі аспаптар бойынша), көркемсөз (өлең оқу шеберлері), бейнелеу жəне қолданбалы өнер жанрлары бойынша өтеді.

Байқауға қатысушылардың жасы: 6 мен 18 жас аралығы. Өнерпаздар жас шамасына қарай 6-9 жас - кіші топ, 10-13 жас - орта топ, 14-18 жас - үлкен топ болып үшке бөлінеді.

Байқауға қатысу үшін сапалы түсірілген бейнежазба мен қатысушы туралы толық ақпаратты [email protected], [email protected] электронды поштасына жолдау қажет. Байқауға қатысушы шығармасын жанды дауыста орындауы керек.

Әр жанрдан 10 қатысушыдан топталып бақ сынайды.

Түнгі 00:00-де бір жанр, бір жас шамасындағы 10 баланың бейнежазбасы @onerli.oren Instagram-парақшасына #onerli.oren хэштегімен және Onerli.Oren YouTube-каналында жарияланады.

Дауыс беру - like арқылы тек Instagram- парақшасында жүргізіледі. Бір лайк - бір дауыс.

Дауыс беру әр жанрдан 10 қатысушының бейнежазбасы жариялаған сәттен бастап, 3 тәулік бойы ашық қабылданады, 3-ші күні 23:00-де дауыс беру тоқтатылады.

Жеңімпаздар 23:30-да парақшада жарияланып отырады. Қатысушының бейнежазбасы парақшада сақталып тұра береді. Одан әрі қарай жиналған дауыстар мен жазылған пікірлердің байқауға қатысы болмайды.

Дауыс беру қатаң сүзгіден өтетін болғандықтан, бағдарламалар (бот) арқылы берілген дауыс есептелінбейді.

Бірдей дауыс жинаған өнерпаздар болған жағдайда, бірдей екі орын беріледі. Әр күнгі қатысушылар арасындағы жүлде: Бас жүлде, 1-орын, 2-орын, 3-орын.

Жүлдегерлерге ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің лауреаттық дипломы беріледі. Диплом электронды түрде көрсетілген поштаға жіберіледі. Орын алмаған қатысушыларға «Қатысқаны үшін» дипломы беріледі.

Байқау жанрлары алдын ала жиналған бейнежазбалардың санына қарай жүреді.

Байқау соңында Бас жүлде алған қатысушылар туралы толық ақпарат парақшада жарияланады.


Соңғы жаңалықтар