USD 431.67 EUR 487.79
RUB 5.77 CNY 67.73
Jańalyqtar

М.Демеуов 1-ші дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталды

2016 жылғы 6 мамыр 12:55
Бөлісіңіз:
М.Демеуов 1-ші дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар әскери қызметшіге 1-ші және 2-ші дәрежелі «Даңқ» және «Айбын» ордендерін табыс етті.

Атап айтқанда, 1-ші дәрежелі «Даңқ» орденімен ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков, ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуов, отставкадағы генерал-лейтенант Аманжол Жанқұлиев, Павлодар облысының прокуроры Мұхтар Жөргенбаев, 2-ші дәрежелі «Даңқ» орденімен Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы төрағасының орынбасары Талғат Татубаев, Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі әскери атташесі Еділ Оразов марапатталды.

Сондай-ақ 1-ші дережелі «Айбын» ордені полиция полковнигі Арманбек Баймурзинге, 14776 әскери бөлімі командирінің орынбасары Серік Ізтілеуовке, 2-ші дәрежелі «Айбын» ордені Ұлттық қорғаныс университеті бастығының бірінші орынбасары Серік Асановқа, ҚР ҰҚК-нің департамент бастығы Нұрлан Жұмабаевқа, 10228 әскери бөлімінің командирі Руслан Жансейітовке, ҚР Қарулы күштері Әуе қорғаныс күштері бас штабы бастығының орынбасары Әлім Ибраевқа, «Арыстан» қызметі бастығының бірінші орынбасары Файзолла Каменовке, Шекара қызметі 1-ші авиациялық базасының бөлімше командирі Игорь Кармыковқа, «Бүркіт» арнайы мақсаттағы отрядының жетекшісі Вячеслав Пузикке, департамент бастығы Кеген Тұрсынбаевқа табысталды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT