М-32 автожолының «РФ шекарасы - Шымкент» учаскесіндегі жұмыстар аяқталуға таяу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат – М-32 автожолының Оңтүстік Қазақстан облысындағы «РФ шекарасы (Самара бағытында) - Шымкент» учаскесіндегі жұмыстар аяқталуда, деп хабарлады ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен.

«Қазіргі кезде Қызыл Әскер кенті, Түркістан қаласы және Иқан ежелгі қалашығы арқылы өтетін жалпы ұзақтығы 81 шақырым екі учаске пайлануға берілді. Жыл соңына дейін Иқан - Төрткөл - Ақшығанақ, Бадам - Темірлан - Алтынтөбе кенті, Шұбар су-2 кенті, Шымкент - Шымкент қаласының айналма жол арқылы өтетін қалған 5 учаске пайдалануға беріледі», - делінген хабарламада.

Ведомствоның ақпаратына қарағанда, бүгінгі күні аталған учаскеде 13 млн. текше метр көлемінде топырақ жұмыстары аяқталып, 238 шақырымда цемент-бетон жамылғысы және 30 көпір салынды. Сондай-ақ, 14 көлік айрықтары, 6 жол өтпелері мен 293 құбыр төселді. Жобаны жүзеге асыруға 1600-ден аса техника мен 10 мыңнан астам адам жұмылдырылды. Учаске 7 лотқа бөлініп, 7 мердігерлік компаниялар тартылды.

Айта кетерлігі, «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» дәлізін қайта салу жобасы аясында 2011 жылдан бастап М-32 автомобиль жолының Оңтүстік Қазақстан облысындағы «РФ шекарасы (Самара бағытында) - Шымкент» учаскесінде жұмыстар жүргізілген еді. М-32 автомобиль жолының «РФ шекарасы (Самара бағытында) - Шымкент» учаскесінің құрылысы аяқталған соң, 2057-2260 шақырымдары 4 жолаққа дейін кеңейтіліп, І техникалық санатқа жататын болады.

Соңғы жаңалықтар