Люксембургте қоғамдық көліктердің тегін қатынағанына 3 жыл болды

Фото: Фото: euronews.com
ЛЮКСЕМБУРГ. ҚазАқпарат – Люксембургтің қоғамдық көліктер тегін қатынайтын әлемдегі бірінші ел болғанына – үш жыл, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews-ке сілтеме жасап.

Ел билігі бұл бастаманы салықтардың есебінен қаржыландырып отыр.

«Бұл қомақты шығынды талап етеді. Сонымен бірге сіздер оның іс жүзінде салықтардың есебінен жабылатынын білуіңіз қажет. Ол барлық салық төлеушілер есебінен төленеді. Мұның үлкен әділдігі бар. Өйткені, кім аз салық төлесе, бұл жүйеге аз төлем жасаса немесе ештеңе төлемесе де тегін болады. Ал мол салық төлейтіндер жүйеге көбірек төлем жасайтындығы анық», - деді Люксембургдің ұтқырлық министрі Франсуа Бауш.

Дегенмен, елде жеке көлікпен жүретіндердің саны әлі де басым. Ал тегін көлік жүйесін қолданушылар оны «фундаменталды құқық» деп атайды.

«Бұл шекаралас барлық тұрғындардың, әсіресе Бельгия, Германия және Франция азаматтарының емін-еркін саяхаттауына мүмкіндік береді. Мұнан бөлек, бұл еркіндіктің жақсы түрі. Тексерушілер де аз, машақат та аз. Жол жүру тегін болғандықтан қоғамдық көлік пен жеке автомобиль арасында таңдау жасау, шешім қабылдау да жылдам. Сонымен қатар бұл қоршаған ортаға да оң әсерін тигізеді әрі үнемді», - деп атап өтеді жолаушылар.


Соңғы жаңалықтар