Люксембургте Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына пошталық маркалар шығарылды

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Қазақстанның Бельгия Корольдігіндегі Елшілігі, еліміздің Люксембургтегі Құрметті консулдығы мен «Eurasian Resources Group» компаниясы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Люксембургте мерейтойлық пошта маркаларын шығару бастамасын көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Пошталық маркада Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығының логотипі бейнеленген. Шығарылған пошта маркалары күнделікті хат-хабарларда, сондай-ақ кәдесый өнімдері ретінде пайдалануға болады.

Люксембург өзінің пошта маркаларын алғаш рет 1852 жылы 15 қыркүйекте шығарды, ал алғашқы ұлттық пошта маркаларының көрмесі 1946 жылы 28-29 шілдеде Дюделанж қаласында ұйымдастырылды.

Мерейтойлық марка «Post Luxembourg» ұлттық пошта компаниясының қолдауымен шығарылды. 170 жылдан астам уақыт ішінде «Post Luxembourg» жоғары стандартты қызметтерді ұсына отырып, ел тұрғындарының өмірінде маңызды рөл атқарады.

«Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы» логотипі бар марканың алғашқы даналары Люксембург Ұлы Герцогтігінің мемлекеттік құрылымдарының, ұйымдарының, компанияларының, сондай-ақ Люксембургтегі «Қазақстан-Люксембург» Қазақтар қауымдастығының өкілдеріне берілді.


Соңғы жаңалықтар