Люксембург астероидтан кен өндіруді жоспарлап отыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Люксембург астероидтарда кен өндіруді дамыту ісін қолға алмақ, деп хабарлайды Financial Times газеті.

Ғарыш саласын зерттеу Люксембургте жақсы дамыған, ол спутниктер және олармен байланыстыратын технологияларды дамыту саласында маңызды рөл атқарады. Бұл елде ірі спутниктер операторы - SES компаниясы тіркелген.

Қазіргі кезде Люксембург АҚШ және еуропалық серіктестермен бірігіп, астероидтардан бағалы металдар және Жерде жетіспейтін өзге шикізатты өндіруге мүмкіндік беретін технологияларды игеруді көздеп отыр. Бұл Айдан ары қарай, бірақ Марстан жақын, ғарыш кемелері жете алатындай қашықтықта орналасқан Жер төңірегіндегі аспан денелеріне қатысты. Қазір Жер мен Марс орбиталарының арасында 12 мыңнан астам астероид табылған.

Олардан табылған қымбат металдар, мысалы, платина тобындағыларды жерге алдын ала өңделіп жеткізу жоспарланып отыр.

Еуропалық ғарыш агенттігінің басшысы Жан-жак Дорден: «Біз астероидтарға жету жолын, онда бұрғылау жұмыстарын қалай өткізу және үлгілерді Жерге қалай жеткізу керектігін білеміз», - деп мәлімдеді. Оның айтуына қарағанда, ғарыш кеңістігінде бағалы кен өндіру жұмыстарының құны 100 млрд доллардан төмен болса да, «бұл триллиондаған көлемдегі нарықты жасауға» мүмкіндік беретін болып шықты.

Соңғы жаңалықтар