Людмила Бюрабекова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
Людмила Бюрабекова 1973 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 1997 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын, 2004 жылы Қазақ фармацевтика институтын, 2014 жылы Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған. Мамандығы бойынша – дәрігер, провизор, іскерлік әкімшіліктендіру магистрі.
Еңбек жолын 2004 жылы Х.Ж. Мақажанов атындағы Қарағанды көпсалалы клиникалық ауруханасында дәрігер-фармаколог болып бастаған.
2005-2007 жж. Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы болып жұмыс істеді.
2007-2009 жж. — Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының стратегиялық даму және дәрі-дәрмектер саясаты жөніндегі бастығының орынбасары.
2009-2010 жж. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медицина және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің фармацевтикалық қызметті, дәрі-дәрмектер сапасын мен қолданылуын бақылау басқармасының бастығы қызметін атқарды.
2010 ж. — ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің төрағасының орынбасары.
2011 ж. — Республикалық балалар оңалту орталығының стратегиялық даму және қауіпсіздік басқармасының бастығы.
2011-2013 жж. - Ұлттық медициналық холдингінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры, бас менеджері.
2013-2014 жж. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық санитарлық авиация орталығы» оқу-клиникалық бөлімінің бастығы болып еңбек етті.
2014 ж. — Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының вице-президенті.
2014–2017 жж. ҚР Президенті Іс басқармасының Медицина орталығының бас инспекторы, басшысының орынбасары болып еңбек еткен.
2017-2019 жж. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитетінің төрайымы болды.
2019 жылғы мамыр айынан қазірге дейін - Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі және сапасын бақылау комитетінің төрайымы.