Ляньюньган портында қазақстандық терминалдың алғашқы іске қосу кешені тапсырылды

None
None
ШАНХАЙ. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚХР-дың Шанхай қаласына мемлекеттік сапары аясында Шығыс Қытайдың Цзянсу өлкесіндегі Ляньюньган портында қазақстандық логистикалық терминалының

алғашқы іске қосу кешенін ресми тапсыру (бірінші кезегі пайдалануға берілді) салтанатты рәсімі өтті. Атап айтқанда, "Сицзяо" резиденциясында екі мемлекеттің басшылары "Шанхай-Ляньюньган" бейне-көпірі арқылы аталған жоба құрылысын іске қосты.

Еске сала кетейік, 1995 жылы Қазақстан мен ҚХР арасында Қазақстанның Қытайдағы Ляньюньган портын жүк тасымалы үшін пайдалануы туралы келісімшарт жасалған болатын. Ал 2013 жылы ҚХР басшысының Қазақстанға сапарының қорытындысы бойынша тараптар Ляньюньган портынан жеке терминал салу үшін Қазақстанға арнайы орын ұсыну туралы уағдаластыққа қол жеткізген еді. Сол тұста «Қазақстан темір жолы» ҰК» мен Ляньюньган қаласы халық үкіметі арасында логистикалық терминалдың құрылысы мен оны басқару бойынша ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл туралы Келісім жасалды. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың ақпан айында «ҚТЖ» ҰК» мен Ляньюньган порттық компаниясы арасында "Ляньюньган қаласындағы қазақстандық-қытайлық халықаралық логистикалық компаниясы" бірлескен кәсіпорны құрылды.

Цзянсу (Шығыс Қытай) өлкесінде орналасқан Ляньюньган порты аса тиімді географиялық ахуалға ие. Ол Циндао, Тяньцзинь, Далянь және Шанхай секілді басқа да ірі қытайлық теміржол қатынастарымен байланысады, сонымен қатар, кореялық Пусан порты және Жапонияның Осака портының теңіз желісіне де қосылады. Ал Ляньюньган портында өзінің жеке терминалын иелену арқылы Қазақстан Оңтүстік-Шығыс Азиядан, Аустралия мен Канада елдерінен келетін және осы жолмен кері кететін транзиттік жүктер тасымалын жүзеге асыруда үлкен мүмкіндіктерге ие болмақ. Бұл ретте жүктерді жеткізу уақыты 45 күннен 10-15 күнге дейін қысқармақ.

Соңғы жаңалықтар