+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Лукашенко егемендік пен конституциялық құрылымды қорғау туралы декретке қол қойды

2021 жылғы 9 мамыр 13:56
Бөлісіңіз:
Лукашенко егемендік пен конституциялық құрылымды қорғау туралы декретке қол қойды

МИНСК. БЕЛТА-ҚазАқпарат - Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко 2021 жылдың 9 мамырынан №2 «Егемендік пен конституциялық құрылымды қорғау туралы» декретке қол қойды. Бұл туралы БЕЛТА Беларусь Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
2020 жылы 5 млн адам миллионер атанды Германияда қоқыс жәшігінен XVII ғасырдың құнды туындылары табылды Жапонияда белгісіз біреу бес адамға пышақ салған

Құжатта ел басшысы қастандық, терроризм актісі, сыртқы агрессия, басқа да зорлық әрекеттері салдарынан қайтыс болған жағдайда барлық мемлекеттік органдар, олардың лауазымды тұлғалары Қауіпсіздік кеңесі шешімдеріне сәйкес әрекет етеді. Қауіпсіздік кеңесінің отырыстарына премьер-министр басшылық етеді.

Бұл ретте ел аумағына кідірместен төтенше немесе әскери жағдай енгізіледі. Оны қамтамасыз ету шаралар тізімін Қауіпсіздік кеңесі анықтайды.

Қауіпсіздік кеңесінің шешімдерін барлығы еш қарсылықсыз орындауға міндетті.

Негізгі сұрақ сайлау туралы болмақ. Қауіпсіздік кеңесі губернаторлардың қатысуымен оны өткізу туралы шешім қабылдайды.

Декрет елдің тәуелсіздігі мен егемендігін сақтауға бағытталған.

Декрет оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бибіхан Серікова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT