Лукашенко Беларусь премьер-министрін тағайындап, үкімет құрамын бекітті

None
None
МИНСК. БЕЛТА-ҚазАқпарат - Беларусь президенті Александр Лукашенко Роман Головченконы Ұлттық жиналыс өкілдері палатасының келісімімен елдің премьер-министрі етіп тағайындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат БЕЛТА агенттігіне сілтеме жасап.

Александр Лукашенко осындай жарлыққа 19 тамызда қол қойды. Оның тағы бір жарлығымен үкімет мүшелері тағайындалды.

Еске сала кетсек, 17 тамызда Беларусь үкіметі жаңадан сайланған президент алдында отставкаға кеткен болатын.


Соңғы жаңалықтар