Лука Модрич қазақстандық балақаймен кездесуден қандай әсер алғанын айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемдік футбол жұлдызы, мадридтік «Реалдың» хорваттық легионері Лука Модич қазақстандық Әли Тұрғанбековпен кездесуі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әли Тұрғанбековпен кездесу керемет өтті. Өзіңнің бақытқа толы дара жолыңмен әлемді шабыттандыра бер. Футбол – ол жай ғана ойын емес», - деп жазды Лука Модрич Instagram парақшасына.

«Көп рахмет саған, қымбатты досым! Мен өте бақыттымын», - деп жауап қатты оған балақай.

Еске сала кетейік, Әли Тұрғанбеков бұған дейін «Реал» футбол клубының ойыншыларымен кездескен еді. Ал оған дейін туриндік «Ювентустың» жұлдызы Криштиану Роналдумен жүздесіп, доп ойнады, бірге фотоға түсті.

Айта кетейік, жақында ғана Хабиб Нурмагомедов пен Әлидің кездесуі Алматыда өтті. Сол кезде жеткіншек оған PSG ойыншыларының қолтаңбасы бар доп берген болатын.

Бұған дейін қазақстандық балақай футбол аңыздары - бразилиялық Кафу, Хулио Сезар, Бебетомен, сондай-ақ испандық Хавимен кездесті.

Әли көптеген танымал футболшылармен де кездескен. Олардың қатарында Месси, Андрей Шевченко, Неймар, Киллиан Мбаппе, Эдинсон Кавани, Диего Марадона, Ливерпуль ойыншылары Мохаммед Салах, Роберто Фирмино, клубтың бас жаттықтырушысы Юрген Клопп бар. Сондай-ақ, өзінің кумирі Ник Вуйчичпен де кездесіп үлгерді.

Ол сонымен қатар Ливерпуль ойыншыларына УЕФА Суперкубогын тапсырды.

Айта кетейік, екі аяқсыз дүниеге келген балақай бүгінде елордалық дарынды балаларға арналған «Нұрорда» мектебінде оқып жатыр.




Соңғы жаңалықтар