+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Lufthansa компаниясы Қазақстанға рейстерді уақытша тоқтатты

2020 жылғы 11 наурыз 18:53
Бөлісіңіз:
Lufthansa компаниясы Қазақстанға рейстерді уақытша тоқтатты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылдың 11 наурызы мен 24 сәуірі аралығында Lufthansa неміс әуе компаниясы Қазақстанға рейстерді уақытша тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпаратАзаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

«Бүгінгі күнге дейін әуе компаниясы Франкфурт-Алматы-Франкфурт (аптасына 4 рет) және Франкфурт-Алматы-Нұр-Сұлтан (аптасына 3 рет) бағыттары бойынша тұрақты рейстерді орындады. Алдын ала ақпарат бойынша, әуе тасымалдаушы осы бағыттар бойынша ұшуларды 2020 жылдың 25 сәуірінен бастап жаңартуды көздеп отыр», делінген хабарламада.

Әуе компанияның ақпараты бойынша, аталған кезеңде авиабилеттері бар жолаушылар билеттерді толық көлемде қайтара алады.
«2020 жылғы 3 наурыздан бастап «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі« АҚ базасында коронавирусқа қатысты жағдайды бақылауға бағытталған ахуалдық орталық жоспарлы түрде жұмыс істей бастады. Орталықта Қазақстанға тұрақты және тұрақты емес әуе қатынастары бар елдерде инфекция жұқтырған адамдардың статистикасына бақылау жүргізіледі», делінген хабарламада.
Жолаушылар әуе билеттерін қайтару бойынша «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» компаниясының 8 (7172) 64 58 41 нөмірі бойынша қауырт желісіне хабарласуы керек. Байланыс телефоны жұмыс күндері (5/2) сағат 9.00-дан 18.00-ге дейін істейді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жәнібек Амангелді

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT