LRT құрылысының жабдықтары Астанаға жіберілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанаға Қытайдан жеңіл метро құрылысына арналған құрал-жабдықтардың алғашқы партиясы жөнелтілді, деп хабарлайды CGTN телеарнасы Фейсбуктегі парақшасында.

«Үрімжі қаласынан аттанған 41 контейнерлі пойыз Қазақстан астанасына  жұма күні жетеді. Жаңа қалаішілік көлік жүйесінің ұзақтығы 23 шақырым болады, онда 18 станса мен бір депо қарастырылған. Пойыздар сағатына 80 шақырым жылдамдықпен қозғалады», - деп хабарлайды телеарна.

LRT құрылысына қажетті жабдықтар Қытай-Еуропа бағытындағы пойыздармен жіберіледі. Бұл пойыздар Алашаңқай мен Қорғас шекарасы арқылы күніне екі мәрте қатынайды.

«Қазір біз 5,5 мың тонна алғашқы партияны жіберудеміз, бұл жерде металл құрастырғыштар, құрылыс сатылары бар», - дейді жеңіл метроға арналған құрал-жабдықты жеткізуші компанияның қызметкері Янь Цзянь.

Соңғы жаңалықтар