LRT құрылысын Қытай компаниясы аяқтайды – Жеңіс Қасымбек

None
АCТАНА. ҚазАқпарат – Астана әкімі Жеңіс Қасымбек кәсіпкерлермен кездесуден кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында LRT құрылысын Қытай компаниясы аяқтайтынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БАҚ өкілдері әкімнен LRT құрылысын қандай мердігер жалғастыратынын сұрады.

«Бас мердігер – Қытай компаниясы. Сол компания аталған нысанды құрылысын әрі қарай сала береді», - деді әкім.

Сондай-ақ, ол вагондарға да бас мердігер тапсырыс беретінін атап өтті.

«Нысанның жылжымалы құрамына (вагондарды – ред.) да солар тапсырыс береді. Бас мердігер белгілі болғандықтан, нысанды өзі аяғына дейін жеткізеді», - деді Жеңіс Қасымбек.


Соңғы жаңалықтар