LRT құрылысы: Монтаждау жұмыстарына дайындық басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Елордадағы LRT құрылысының алаңында құрылыс-монтаждау жұмыстарына дайындық басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы CTS компаниясының баспасөз қызметі мәлімет таратты.

«Мердігер «CRAEG» қытайлық консорциумы қазіргі уақытта келісім-шарттық міндеттемелер шеңберінде құрылыс-монтаждау жұмыстарына дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Пандемияға байланысты құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кестесі түзетілді. Өйткені оған дейін қытай мамандары елімізге кіре алмаған еді», - деп жазылған компанияның мәліметінде.

Еске салсақ, мамыр айының соңында аталмыш жобаға бөлінген 6 млрд теңгеге жуық қаржыны талан-таражға салды деге айып тағылған бірнеше азамат 7-10 жылға сотталған болатын.



Соңғы жаңалықтар