+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

LRT қашан іске қосылады: Нұр-Сұлтан әкімдігі жоспарымен бөлісті

2019 жылғы 22 қазан 21:04
Бөлісіңіз:
LRT қашан іске қосылады: Нұр-Сұлтан әкімдігі жоспарымен бөлісті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда әкімдігі жеңіл рельсті көлік жүйесінің құрылысы мен оның қажеттілігіне қатысты болжамның мән-жайын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«LRT жобасын UA4 режімінде (100 пайыз автоматты басқару) 2020 жылы іске қосу жоспарланған. Бүгінгі таңда консорциуммен бірлесіп жаңа жұмыс кестесі жасалып жатыр. Бас жоспарға сәйкес, LRT жолы бойында орналасқан аудандардағы халық саны 2030 жылға қарай 500 мыңнан артады. Қазіргі уақытта әуежай мен жаңа теміржол вокзалының арасындағы жолаушылар ағыны күніне 29 мың сапарды құрайды», - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі редакцияның жазбаша сұрауына жауап бере отырып.

Осыған байланысты қазіргі кезеңде жылжымалы құрамның бір бөлігін сатып алмай-ақ, пойыздардың санын 19-дан 12-ге дейін қысқарту көзделгені атап өтілді. Сарапшылардың болжамы бойынша, бұл шара шамамен 40 миллион АҚШ долларын немесе 15 миллиард теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді.

«Жоба бойынша бастапқы шығындарды азайту үшін әкімдік іске қосу кешендерін бөлу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Жоба бойынша әуежайдан «Нұрлы жол» станциясына дейінгі учаскеде 18 станцияның құрылысы қарастырылған», - деп еске салды әкімдік.

Осылайша, жолаушылар ағынының қазіргі жүктемесін ескере отырып, 7 станцияның ашылуын екінші іске қосу кешеніне ауыстыру жоспарланып отыр. Яғни, жерасты жаяу жүргіншілер өткелдерінің бастапқы шығындары пропорционалды түрде азаяды. Бұл, жобаның эксплуатациялық жұмысы мен қауіпсіздікті бұзбай 110 млн АҚШ долларын немесе 42 млрд теңгені үнемдейді.

Еске салсақ, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев LRT құрылысын жеделдетуді және оған қатысты істі тергеуді тапсырған болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT