LRT ісін тергеумен кім айналысып жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жеңіл рельсті көлік құрылысы ісін тергеу барысы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«LRT жобасын тергеу ісі бойынша Есеп комитеті республикалық бюджеттің іске асырылуына бақылау жасап, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тиісті тергеуді жүргізіп жатыр», - деп мәлімдеді көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.

Еске салсақ, Президент LRT құрылысын жеделдетуді және оған қатысты істі тергеуді тапсырған болатын.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне тергеуді жеделдеу тапсырмасымен жүгінгім келеді. Біреулердің шетелге қашып кеткенін айтып, «жеңілдің астымен, ауырдың үстімен» жүруге болмайды. Бұл жоспарланған қашу екені түсінікті. Өзгелерді, оның ішінде шешім қабылдаған әкімдіктің басшыларын қаперден тыс қалдырмау керек», - деді Мемлекет басшысы.

Бұған дейін LRT құрылысы уақытша тоқтағанын хабарлаған болатынбыз. Оған қатысты Үкімет басшысы Асқар Мамин пікір білдірді.

Соңғы жаңалықтар