LRT ісі: Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы қамауға алынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –LRT құрылысын салу барысында қаражат ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс бойынша Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы қамауға алынды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің брифингінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта әкімдіктің бұрынғы басшылары қамауға алынды. Олар Р. Аманжолов және Ж Нұрпейісов пен үш мердігер ұйымның басшылары», - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің екінші департаментінің басшысы Сергей Перов.

Оның айтуынша, қылмысты Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Сұлтанбеков пен «Астана LRT» басшысы Т.Ардан шетелдік және қазақстандық компаниялардың қатысуымен ұйымдастырған.

«Осы лауазымдағы тұлғалар әкімдік басқармаларының бұрынғы басшылары Р.Аманжолов, Ж.Нұрпейісовтің қатысуымен 24 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалған. Бұл қаржыға жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу, кеңесшілік қызметтерді көрсету және техникалық бақылау шығындары кірген», - дейді ол.

Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл қызметі Ж.Нұрпейісов Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы екенін айтты.

Елорда сайтындағы мәлімет бойынша, Жанат Нұрпейісов 2016 жылдың 20 наурызында алтыншы шақырылымдағы Астана қаласы мәслихатының депутаты болып сайланған.

Соңғы жаңалықтар