Лозаннадағы Олимпиадада ел намысын 26 спортшы қорғайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 9-22 қаңтар аралығында Швейцарияның Лозанна қаласында өтетін жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын 26 спортшы қорғайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық олимпиада комитеті хабарлағандай, осымен үшінші мәрте алауы тұтанатын төрт жылда бір келетін дүниежүзілік додаға Қазақстан 26 жолдама жеңіп алған.

Лозаннадағы Жасөспірімдер Олимпиадасында жалпы әлемнің 70 мемлекетінен 15-18 жас аралығындағы 1880 спортшы спорттың 16 түрінен бақ сынайды.

Атап айтар болсақ, жас спортшылар шаңғы жарысы, сноуборд, фристайл, шаңғы қоссайысы, тау шаңғысы, шаңғымен тұғырдан секіру, альпинизм, биатлон, шайбалы хоккей, шанамен сырғанау, бобслей, скелетон, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, конькимен жүгіру және керлингтен сынға түседі.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық спортшылар 2012 жылғы Инсбурктегі Олимпиадаға 37 спортшы апарса, 2016 жылы Лиллехамерде өткен қысқы ойындарда 20 атлет бақ сынады. Міне, 2020 жылы өтетін додада 26 спортшыға үміт артып отыр.



Соңғы жаңалықтар