Лотерея ұйымдастырушылары 20 млн. теңге ұтысқа ие болған қарағандылық азаматты таппай әлек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық лотереясының ұйымдастырушылары 20 млн. теңге көлеміндегі джек-потты ұтып алған қарағандылық азаматты ұтысын салтанатты түрде табыстау үшін іздестіріп жатыр, деп хабарлайды «Экспресс-К» газетінен.

Бұл ұтыс ойыны биылғы жылдың 8 қарашасында өткен. EXPO LOTTO ойынында ұтыс комбинациясының барлық алты саны (6, 8, 13, 18, 28, 30) ырысты азаматтың сатып алған билетіндегі нөмірлерімен бірдей шыққан. Алайда жеңімпаз ұтысын алу үшін әлі келмей жүр. Алдын ала жасалған болжам бойынша, ол өзінің билетін тексеруді ұмытып кеткен болуы мүмкін. Ұлттық лотереяны өткізудің ережелеріне сәйкес, жаңа миллионерді тура 90 күн күтеді.

Соңғы жаңалықтар