ФУТБОЛДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ-2022

Лотерея мен букмекер кеңселері Ashyq жүйесіне енгізілуі мүмкін

2021 жылғы 13 мамыр, 16:23
Лотерея мен букмекер кеңселері Ashyq жүйесіне енгізілуі мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева лотерея мен букмекер кеңселерін Ashyq жүйесіне енгізу мәселесі пысықталып жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өңірлер бойынша 5 мың қатысушының қатарын толықтырғысы келетін нысандардан Ashyq қосымшасына кіргізу туралы 1200-ден астам өтінім түсті. 300-ден астам қатысушы жеңілдіксіз ерікті режимде жұмыс істеп жатыр. Олар: білім беру орталықтарының, демалыс үйлерінің, қонақ үйлердің, медициналық орталықтардың, стоматологияның нысандары. Сауда, ойын-сауық орталықтарының жеке дүңгіршектері де бар. Қазір, сондай-ақ, Ashyq жобасына қатысушылардың кеңейтілген базасына лотерея және букмекер кеңселерін енгізу мәселесін талқылап жатырмыз», - деді Юлия Якупбаева.

«Атамекен» өкілінің мәліметі бойынша, Ashyq жүйесінде жұмысын жауапты ұйымдастырған нысандарға қосымша қарастырылып отыр.

«Санитарлық дәрігердің 30 сәуірдегі қаулысымен қатысушылардың тізімі айтарлықтай кеңейгенін білесіздер. Қызыметін жауапты ұйымдастырған қатысушылар қосымша жеңілдіктер алды. Мысалы, қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс уақыты 2 сағатқа ұзартылды. Фудкорттар, облысаралық туристік тасымалдар, көрмелер ашылды, спорттық іс-шараларға көрермендердің қатысуына рұқсат етілді, бильярд клубтары ашылды», - деп толықтырды Юлия Якупбаева.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar