Лос-Анджелестегі қазақстандық дизайнердің киімдерін әлем жұлдыздары киеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Тіккен киімдерін шоу-бизнестің әлемге танымал тұлғалары таңдайтын қазақстандық дизайнер Дина Қабдолла ҚазАқпарат тілшісіне шетелде табысқа жетудің жолдары мен мамандығының қыр-сыры туралы айтып берді.

Америкалық актриса, әнші Перис Хилтон қазақстандық дизайнердің сән үлгісін таңдаған. Ал Bebe Rexha, Камила Кабельо, Fifth Harmony  тобының қатысушылары гастрольдік сапарларға Д. Қабдолланың қолынан шыққан киімдерді киеді. null

 Дина Қабдолла бала кезінен сурет салып, киім тіккенді ұнатқан.  9-10 жасар кезінде болашақта немен айналысқысы келетінін, қандай мамандық таңдайтынын білген. 11 жасында Лондондағы Central Sr Martin колледжіне түсуді ұйғарады. Ал 15 жасында туған жері Алматыдан Кембриджге Art Sciences мамандығы бойынша білім алуға аттанады. Алайда үш жылдан кейін АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласына көшуді ұйғарады.

Дизайнер институтты аяқтағаннан кейін Лос-Анджелестің, Нью-Йоркің кішігірім компанияларында фриланс ретінде қызмет жасап, мол тәжірибе жинаған.

Ал 2014 жылы AyaByDK брендін құрып, 1 жылдан кейін интернет-дүкен ашады.

Бүгінде қазақстандық дизайнер Лос-Анджелесте шоурумы бар, ал киімдері сол қаланың 6 дүкенінде сатылады. Бренд дизайнердің өз қолынан тігілген принтті спорттық костюмдерден тұрады. Брендтің негізгі жеткізгісі келетін идеясы - қарапайымдылық пен минимализм.

nullСондай-ақ, Д. Қабдолланың портфолиосында ерекше көйлектер, корсеттер мен киім-кешектерді көруге болады.

«Лос-Анджелесте, қарапайым тілмен айтқанда, «жылдам ауыстырылатын киімдер» көп, олардың бағасы 10-20 доллардың айналасында болады. Алайда олар мүлде ерекшеленбейді. Ал мен үшін брендтің атауының танымал болғаны маңызды, себебі сатып алушы өнер туындысына киіну үшін миллиондап ақша төлейді, біз клиенттің көңілінен шығуға міндеттіміз», - деді дизайнер.

27 жастағы жас дизайннердің Алматыда киім сататын шағын дүкені бар. Онда біздің елдің тұрғындарына арнайы тігілген маусымдық киімдердің топтамасы көрсетіледі. Себебі Лос-Анджелес пен Алматы тұрғындарының киім киісінде айтарлықтай айырмашылық бар.

Дизайнердің айтуынша, Лос-Анджелесте сән индустриясында қазақстандықтар жоқ екен. Ол армандар орындалатынын көрсетіп, өзгелерге үлгі болғысы келеді.

Соңғы жаңалықтар