+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Лос-Анджелесте ұшақтың аспандағы өртенген сәтінің видеосы жарияланды

2019 жылғы 22 қараша 16:01
Бөлісіңіз:
Лос-Анджелесте ұшақтың аспандағы өртенген сәтінің видеосы жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Philippine Airlines әуе компаниясының Boeing 777 ұшағының қозғалтқышы өртке оранғаннан кейін Лос-Анджелес әуежайына оралуға мәжбүр болған, деп хабарлайды CBSLA.

Ұқсас жаңалықтар
Пәкістанда бензин тасымалдаушы көлік автобуспен соқтығысып, 15 адам қаза тапты Нигердегі содырлардың шабуылы: 73 адам қаза тапты Сәби ұшақ бортында дүниеге келді

113 рейсі Манилаға бағыт алған, оның бортында 347 жолаушы болған. Ұшақ Лос-Анджелес халықаралық әуежайынан 21 қараша күні жергілікті уақытпен 11:00-де көтерілген.

Жолаушылардың бірінің айтуынша, лайнер әуеге көтерілгеннен кейін салоннан төрт рет қатты соққының дыбысы естіліп, оң жақ қозғалтқышы жана бастаған.

Оқиғаны жердегі Лос-Анджелес тұрғындары видеоға түсіріп алған. Видеодан ұшып бара жатқан ұшақ қозғалтқышында өрт шыққанын көруге болады.

Авиалайнер ұшқаннан кейін бір сағат өткен соң әуежайға қайта қонды. Әуе кемесі өкілінің айтуынша, қозғалтқыштағы өрт механикалық ақаулар салдарынан тұтанған.

Рейс жолаушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Олар басқа ұшаққа отырғызылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT