Лос-Анджелесте «Оскар» сыйлығының марапаттау салтанаты басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лос-Анджелес қаласында (Калифорния, АҚШ) кино әлемінің «Оскар» сыйлығымен марапаттау рәсімі басталды. Dolby театрында өтіп жатқан салтанатты шараны ABC телеарнасы тікелей эфирден көрсетуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталымдар бойынша грек режиссері Йоргос Лантимостың «Фаворит қыз» (The Favourite) және мексикалық Альфонсо Куаронның «Рома» (Roma) фильмі көш бастаған. Екі картина да жалпы 10 аталым бойынша «Оскарға» ұсынылған. Брэдли Купердің «Жұлдыздың тууы» (A Star is Born) мелодрамасы және Адам Маккейдің «Билік» (Vice) фильмі - сегіз, Райан Куглердің «Қара пантері» (Black Panther) атты фантастикалық боевигі - жеті аталым бойынша «Оскар» алуға үміткер.

Америка кино өнері академиясы кино өнерпаздарын алғаш рет 1929 жылғы 16 мамырда Лос-Анджелестегі Hollywood Roosevelt қонақүйінде марапаттаған, сол шара небәрі 15 минутқа созылған болатын. Онда 1927-1928 жылдары шыққан фильмдердің арасынан 12 санат бойынша үздіктер таңдалды. Жеңімпаздардың барлығы марапаттау рәсімінен үш ай бұрын белгілі болды. 1941 жылдан бері жеңімпаздардың аттары тек марапаттау рәсімінде белгілі болып келеді.

Соңғы жаңалықтар