Лос-Анджелесте Головкинді қолдаған шеру өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лос-Анджелесте тұратын қазақстандықтар боксшы Геннадий Головкинді қолдайтындықтарын білдіріп, қала көшелерімен Қазақстанның туын көтеріп, жүріп өтті. Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.

«GGG - біздің чемпион. Лос-Анджелестің көптеген тұрғындары Канелоны қолдайды, өйткені мұнда көптеген мексикалықтар тұрады. Ал біз достарымызбен Головкинді қолдағымыз келді», - деді видеороликтің авторы Александр Михайлов.

«Алға, Қазақстан! Алға, GGG!» - деп қайталады Головкиннің жанкүйерлері.

Еске салайық, Головкин - Альварес айқасы 16 қыркүйек күні (Астана уақытымен 17 қыркүйек күні таңертең) Лос-Анджелесте (АҚШ) өтеді. 

Соңғы жаңалықтар